Алматының миллионыншы тұрғыны Астананың миллионыншы тұрғынына бақыт тіледі

07 Шілде 2016, 16:46
0
Алматының миллионыншы тұрғыны Астананың миллионыншы тұрғынына бақыт тіледі -

1981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны болып тіркелген Бауыржан Қадырсызов Астананың миллионыншы тұрғыны болған Саида Мұхамедиарға бақыт тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Миллионыншы астаналық қызға бақыт тілеймін, үлгілі болсын, себебі ол - Астананың келбеті. Ең бастысы қандай жағдай болса да адам болып қалу", - деп мәлімдеді Қадырсызов тілшімен әңгімесінде. 


Алматының миллионыншы тұрғыны болып тіркелген Бауыржан Қадырсызов. © "Экспресс К".

Қазнет қолданушылары миллионыншы астаналықтың туғанынан кейін Алматының миллионыншы тұрғынын еске алған еді. Бауыржан Қадырсызов жеке өмірі жайлы көп айтқысы келмейді екен. "Мен қарапайым жігітпін, Әліби және Әлихан деген екі балам бар, қарапайым жұмысым бар, қарапайым өмір, осыған қуаныштымын", - деді ол.

Қадырсызов Алматының миллионыншы тұрғыны екенін бала кезінен білгенін айтады. 

"Мен Қонаевқа сахнадан тұрып өлең оқитынмын, өмірімде газеттерге де, телеерналарға да көп сұхбат бердім. Мәскеуден де келді. Түрі шараларға қатыстым, көбінде әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлымен байланысты шараларға қатыстым, себебі маған сол кісінің есімін берген", - дейді Бауыржан Қадырсызов.

Еске салайық, Астана әкімдігі "Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді" деп хабар таратқан еді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың ата-аналары - №9 "Нұршашу" балабақшасының тәрбиешісі 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен "Астана-РЭК" электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай