24 шілде 2020 19:48

"Аман қалғаным ғажап". Қазақстанның жетекші инфекционисі реанимацияда бір апта жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: gov.kz Сурет: gov.kz

Коронавирус жұқтырып, өкпесінің 80 пайызы қабынған Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева Tengrinews.kz тілшісіне бір апта реанимацияда қалай жатқанын әңгімелеп берді.


Коронавирус жұқтырып, өкпесінің 80 пайызы қабынған Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева Tengrinews.kz тілшісіне бір апта реанимацияда қалай жатқанын әңгімелеп берді.

"Мен жағдайы ауыр балаларды қарап жүргенде жұқтырған шығармын. Жұмыс өте қиын болды. Журналистермен күніне үш-төрт кездесу өткізетінбіз. Психоэмоциялық жағдай, иммунитет нашарлады. Медициналық көмекке сатурациям қатты түсіп кеткенде жүгіндім. Кеш бардым, аман қалғаным ғажап", - деді ол.

Динагүл Баешева ауруханада үш апта болғанын, оның ішінде бір апта жансақтау бөлімінде өткізгенін хабарлады.

"Үнемі сұйықтық ішуге тура келеді, тыныс алу қиын. Өкпемнің 80 пайызы зақымданды. Үш күн ессіз жаттым. Алайда ғажап болды, тірі қалдым. Өзіңді күту керек, әсіресе 60 жастан асқандар. Бірден ауруханаға жатып, емделу керек. Барлық дәрігер қайтыс болса, қиын болады.

Мен 62 жастамын. Дәрігерге жүгінудің қажеті жоқ, мен елдің штаттан тыс бас инфекционистімін ғой, өзім де жеңе аламын деп ойладым. Мен консультация жасамауға құқығым жоқ деп есептедім. Менің азаматтық ар-ұжданым шетте қалуға мүмкіндік бермеді", - деді Баешева.

Еліміздің жетекші инфекционисі 65 жастан асқан дәрігерлер пациенттерге қашықтан кеңес беріп, емдеуі тиіс деп санайды. Сонымен қатар, Қазақстанда карантинді әлсірету ерте екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети