Фото: © РИА Новости
Қазақстандағы Жапония елшілігі, міне екінші күн, наразы қазақстандықтардың шалған қоңырауы мен хатына жауап берумен әуре. Адамдар ғаламторда пайда болған телефондағы әңгіме жазбасына қатысты өз наразылықтарын білдірген деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске сала кетелік, ғаламторда "Қазақтелеком" операторымен бір әйелдің арасында болған сөздің жазбасы жарияланған. Ол ханым өзін Жапония азаматының әйелімін деп таныстырады. Сөзін былапытпен әбден "тұздықтаған" әйел "Қазақтелеком" қызметкеріне Шимофуджи тегін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. "Бұдан кейін көптеген адам өз наразылығын білдіріп, бізге қоңырау шалды, электрондық поштамызға да хаттар келіп түсіп жатыр. Олардың көбісі бізге белгісіз Дарья мен оның күйеуі елшіліктің қызметкерлері деп топшылапты. Алайда қадап айтайын, біздің елшілікте мұндай қызметкерлер жоқ, Шимофуджи тегіндегі де қызметкеріміз жоқ" деп айтты Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы Жапония елшісінің кеңесшісі Кенъитиро Сасамэ. Ол осы оқиғаға қатысты елшілікке 20-дан астам телефон қоңырауы мен хаттар келіп түскенін жеткізді. Оның айтуынша, байланыс операторына қоңырау шалған әйел жапония азаматшасы емес, ал оның күйеуі Шимофуджи, шынымен де жапондық, бірақ ол дипломат емес. Елші кеңесшісі Шимофуджидің Қазақстанда немен шұғылданатынына қатысты ақпаратты жария етуге қақысы жоқтығын айтты. Дегенмен ол оған хабарласуға тырысқанын, бірақ сол күйі байланыса алмағанын мойындады. "Бұл оқиға бізді қатты қынжылтты. Біздің мемлекеттеріміздің арасында өте жақсы қарым-қатынас орнаған. Мен адамдардың ашуға мінуін түсінемін, бірақ бұл арада бір түсінбестік кеткен секілді. Мен шалынған әрбір қоңырауға, сол секілді хатқа да жауап беріп жатырмын, мән-жайды түсіндіремін, көп жағдайда хабарласқан адамдар бізді де түсінеді, Жапонияны сыйлайтындығын айтып жатады. Мен бір адамның нашар қылығы біздің достастығымызды бұзбауы тиіс деп санаймын" деді сұхбат беруші. Бұл арада атышулы телефондағы әңгімеге қатысты ғаламтордағы жазбада біреу Такеюки Шимофуджи мен Дарьи Партол туралы махаббат оқиғасымен бөліскен. Бұл оқиға туралы бір жыл бұрын "Вечерняя Астана" газетінде мақала жарияланыпты. "Свадебное кимоно для Дарьи" деп аталатын мақалада 69 жастағы жапон мен 27 жастағы қазақстандық қыздың некесі туралы жазылған. Сондай-ақ онда олардың некесі Астананың "Есіл" аудандық АХАЖ бөлімінде салтанатты түрде тіркелгендігі де айтылған. "Қазақтелеком" басшысы бұған дейін бір рет операторымен дөрекі сөйлескен абонентіне ескерту жасаған болатын. Ғаламторда жарияланған телефондағы тағы бір ыңғайсыз әңгімені Қуанышбек Есекеев "16 минуттық боқтық" деп атаған еді. "Енді біздің компания қызметкерлеріне осындай қарым-қатынас қайталанатын болса, біз ондай адамдардың байланыстағы сөз жазбасын, тіпті адресіне дейін масқаралап жариялайтын боламыз" деген Есекеев.
Қазақстандағы Жапония елшілігі, міне екінші күн, наразы қазақстандықтардың шалған қоңырауы мен хатына жауап берумен әуре. Адамдар ғаламторда пайда болған телефондағы әңгіме жазбасына қатысты өз наразылықтарын білдірген деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске сала кетелік, ғаламторда "Қазақтелеком" операторымен бір әйелдің арасында болған сөздің жазбасы жарияланған. Ол ханым өзін Жапония азаматының әйелімін деп таныстырады. Сөзін былапытпен әбден
"тұздықтаған" әйел "Қазақтелеком" қызметкеріне Шимофуджи тегін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді.
"Бұдан кейін көптеген адам өз наразылығын білдіріп, бізге қоңырау шалды, электрондық поштамызға да хаттар келіп түсіп жатыр. Олардың көбісі бізге белгісіз Дарья мен оның күйеуі елшіліктің қызметкерлері деп топшылапты. Алайда қадап айтайын, біздің елшілікте мұндай қызметкерлер жоқ, Шимофуджи тегіндегі де қызметкеріміз жоқ" деп айтты Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы Жапония елшісінің кеңесшісі Кенъитиро Сасамэ. Ол осы оқиғаға қатысты елшілікке 20-дан астам телефон қоңырауы мен хаттар келіп түскенін жеткізді.
Оның айтуынша, байланыс операторына қоңырау шалған әйел жапония азаматшасы емес, ал оның күйеуі Шимофуджи, шынымен де жапондық, бірақ ол дипломат емес. Елші кеңесшісі Шимофуджидің Қазақстанда немен шұғылданатынына қатысты ақпаратты жария етуге қақысы жоқтығын айтты. Дегенмен ол оған хабарласуға тырысқанын, бірақ сол күйі байланыса алмағанын мойындады.
"Бұл оқиға бізді қатты қынжылтты. Біздің мемлекеттеріміздің арасында өте жақсы қарым-қатынас орнаған. Мен адамдардың ашуға мінуін түсінемін, бірақ бұл арада бір түсінбестік кеткен секілді. Мен шалынған әрбір қоңырауға, сол секілді хатқа да жауап беріп жатырмын, мән-жайды түсіндіремін, көп жағдайда хабарласқан адамдар бізді де түсінеді, Жапонияны сыйлайтындығын айтып жатады. Мен бір адамның нашар қылығы біздің достастығымызды бұзбауы тиіс деп санаймын" деді сұхбат беруші.
Бұл арада атышулы телефондағы әңгімеге қатысты ғаламтордағы жазбада біреу Такеюки Шимофуджи мен Дарьи Партол туралы махаббат оқиғасымен бөліскен. Бұл оқиға туралы бір жыл бұрын "Вечерняя Астана" газетінде мақала жарияланыпты. "Свадебное кимоно для Дарьи" деп аталатын мақалада 69 жастағы жапон мен 27 жастағы қазақстандық қыздың некесі туралы жазылған. Сондай-ақ онда олардың некесі Астананың "Есіл" аудандық АХАЖ бөлімінде салтанатты түрде тіркелгендігі де айтылған.
"Қазақтелеком" басшысы бұған дейін бір рет операторымен дөрекі сөйлескен абонентіне ескерту жасаған болатын. Ғаламторда жарияланған телефондағы тағы бір ыңғайсыз әңгімені Қуанышбек Есекеев "16 минуттық боқтық" деп атаған еді.
"Енді біздің компания қызметкерлеріне осындай қарым-қатынас қайталанатын болса, біз ондай адамдардың байланыстағы сөз жазбасын, тіпті адресіне дейін масқаралап жариялайтын боламыз" деген Есекеев.