Астана тұрғыны Ақмол шоқысы мен Степногорсктың әсем жерлерін әуеден көрсетті

18 Тамыз 2015, 11:21
0
Астана тұрғыны Ақмол шоқысы мен Степногорсктың әсем жерлерін әуеден көрсетті - © Vit W
© Vit W

Астана тұрғыны Виталий Перов Ақмол шоқысы мен Степногорсктың әсем жерлерін әуеден көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір ол Қазақстанды достарымен бірге байпен аралап жүр, сөйтіп ол Астана маңайындағы табиғатты әуеден көрсеткісі келген. "Өзім көрген жерлерден алған әсерімді сіздерге де көрсетейін дедім. Бұл жолы ролик Степногорск пен оның айналасы жайлы. Жолда кен шығарылатын орынды көріп тамсандық", - деді ол.

Сонымен қатар, астаналық жігіт Ақмол шоқысына барыпты. Болжам бойынша Ақмола қаласы сол шоқының атауымен аталған. Шоқы Қосшы ауылынан төрт шақырымда орналасқан Тайтөбе ауылының маңында. "Әуеден түсірілген видеода шоқының түсі ақ екенін көруге болады. Ақмол қазақстандықтар үшін қасиетті жер, шоқыда екі мазар бар, олардың бірінде Нияз би деп жазылған", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай