1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Атырауда магнит-адам тұрады

Атырауда ерекше адам тұрады. Ол денесі магнит секілді заттарды өзіне тартатын 70 жастағы Октябрь Жұмашев, - деп хабарлайды "Прикаспийская коммуна"

Газет мәліметінше, Октябрь бала кезінен ерекше қасиетті байқаған - оның денесіне метал заттар: қасық, шанышқы, пышақтар үнемі жабысып қалатын. Ол бұл туралы адамдар басқаша қарай ма деген оймен айтқысы келмеген. Алайда бір күні әскерден келген Октябрь жақындары мен туыстарына өзінің өнерін көрсетуге шешім қабылдаған.  

"Мен технолог мамандығын бітірдім, заңгер болып жұмыс істедім. Бірақ іштей адамдарға көмектескім келді. Осылайша арнайы медициналық курстардан өтіп, массажист болып істей бастадым. Сүйікті ісіммен айналысып жүргеніме біраз болды. Емделушілер менің қолым ыстық екенін, тез айығып кететіндерін айтады", - дейді Октябрь Жұмашев. 

Одан бөлек, ол Исатай Таймановтың бесінші ұрпағы екен. 

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдарының сөзінше, магнетизм расында биологиялық нысандарға тән.  

"Магнетизм шын мәнінде әр адамға тән", - дейді химия ғылымдарының кандидаты Ардақ Аманқос. "Тек әр адамда ол әрқалай байқалады. Тұқым бойынша берілуі мүмкін. Магнит-адамда қан айналымы кезінде ерекше энергия немесе жылу бөлінеді", - дейді ғалым.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!