01 маусым 2017 20:14

Атыраулықтарды тәнті еткен полицей мүгедек ер адамға қалай көмектескенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулықтарды тәнті еткен полицей мүгедектер арбасында отырған ер адамға қалай көмектескенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Атыраулықтарды тәнті еткен полицей мүгедектер арбасында отырған ер адамға қалай көмектескенін айтып берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Кіші сержант Тұрарбек Сатыбаевтың айтуынша, бұл оқиға 31 мамырда шамамен сағат 17.30-да болған. "Мен "Балықшы" ықшамауданында орналасқан қалалық № 1 полиция бөлімінен шыққан болатын. Содан жол бойында мүгедектер арбасына танылған ер адамның өз өміріне қауіп төндіріп, жолдан өтіп бара жатқанын көрдім. Оны көлік қағып кетуі мүмкін еді. Оған жақындап "көмек керек пе?" деп сұрадым. Бірақ ол бас тартты. Сосын мен оған қажетті жеріне апарым тастауды ұсындым, ол келісті. Арбаны жүксалғышқа салдым да жүріп кеттік", - дейді полицей.

Ер адамның Алғабас ауылына бара жатқаны белгілі болды. Ол ауыл қаладан ондаған шақырым жерде орналасқан. Полицей оны ауылға дейін апарып тастауды ұсынған. Алайда ол жол-жөнекей Балықшы базарына бару керектігін айтып, оны базар жақтан қалдырып кетуін сұраған.

"Мен тоқтап, оны арбаға отырғыздым. Ары қарай өзі кетті. Меніңше, кез келген адам осылай істейтін еді. Күн қатты ыстық болды, көліктер де тола. Біреу болмаса біреуі қағып кетер еді. Менің бұл әрекетім Рамазан айына байланысты емес. Мерекелерге қарамастан қайырымды істер жасау керек", - дейді полицей Сатыбаев.

Айта кетейік, кіші сержант Тұрарбек Сатыбаев құқық қорғау органдарында 2015 жылдан бері жұмыс істейді екен. Ол ІІД жол-патрульдік қызметінің қызметкері. Жасы 25-те.

Еске сала кетейік, осыған дейін полицейдің қайырымды ісінің атыраулықтарды тәнті еткекі жайлы айтылған еді. Желі қолданушылары ризашылығын білдіріп, пікірлер жазған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети