Биыл жазда отбасымен бірге Қазақстанды автоүймен аралаған Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қыс мезгілінде көлікте түнеп көргісі келіпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл жазда отбасымен бірге Қазақстанды автоүймен аралаған Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қыс мезгілінде көлікте түнеп көргісі келіпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Демалыс күнімді Астана маңында автоүйде өткіздім. Бірінші түні аяз болды, желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін жетті. Екінші күні аяз -25 градус болды, үш баллон газ жақтым", - деп жазды Бегентаев Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.
© Facebook
Мұндай экстремалды демалысқа депутат жылы киімдер, арнайы құрылғылар, қызықты кітаптар, фильмдер алып шыққан. Ол Астана маңында ағасымен бірге демалмақшы болған.
"Кешке қарай әдеттегідей душ қабылдағым келді. Автоүйдің қабырғасынан ары (қалыңдығы 7 сантиметр), қатты аяз, мұны естен шығармаймын. Мен түннің қандай болатынын білсем ғой... Түнгі сағат екіде қатты суықтан оянып кеттім. Алғашында қыздыратын пеш істен шықты деп ойладым. Өшіріп, қайта қостым. Пьезоэлементтің газды жаққанын күту қалды. Дауысы шыққанмен, тек қызбады. Уақыт баяу өтті. Көрпеге орануға тура келді. Бір кезде пеш қосылып, жылы ауа келе бастады. Бес минуттан соң мен ұйықтап кеттім. Дегенмен бір сағаттан соң суықтан тағы ояндым. Тағы сол әуен. Ұйқым қашып кетті, ашуландым", - деп жазды депутат.
Ол киініп, газ баллонын тексеру үшін далаға шыққан.
"Далада қар мен желден тоңып қалдым. Жүйені істен шығарып, баллонды суырып алдым. Салмағынан ішінде әлі жартысы бар деген ойға келдім. Сонда да басқасын қоюды ұйғардым. Баллонды ауыстырғаннан кейін қайта жылына бастады, дегенмен ұйқым келмеді. Басыма түрлі ой келді, үйге қайтсам ба деп те ойладым. Сақтану үшін генераторды әкеліп, электржылытқышты іске қостым", - деді ол.
Бегентаев осылайша қосымша жылу көзін тапқанын айтады.
© Facebook
"Барлығы жақсы болған сияқты еді, дегенмен салонға ауа кіре бастады. Бірнеше уақыттан соң жанған сымдардың иісі келді. Иістің қай жерден шығып жатқанын іздей бастадық. Электржылытқыш жақсы жұмыс істеп тұр, иісі жоқ. Осы кезде мен қателескенімді білдім. Ұзартқышты орап қана қоймай, оны салонға кіргізіппін. Қысқа тұйықталу болғанда ғана ойыма келді. Салонда жаман иіс, жарық жоқ. Неткен түн?", - деп сөзін жалғастырды депутат.
"Салонды желдете бастадық. Позитив іздедік - бастысы, жылы әрі шам бар. Жеңіл бола бастады. Автоүйді желдетіп, шам жағып, электрді қалпына келтіруге кірістік. Оған бір сағат уақыт кетті. Таңғы сағат бесте ғана ұйықтауға мұрша келді. Айтпақшы, газ баллонын тағы да ауыстыруға тура келді. Тест-драйв сәтті өтті!!!", - деді Бегентаев.
Фото из Facebook
Депутат Мейрам Бегентав биыл жазда отбасымен бірге автоүймен саяхатқа шыққан еді.
© Facebook
Ол өз ойын Facebook арқылы бөлісті. Депутат жолдардың нашарлығына, қоқыстың көптігіне шағымданды.
© Facebook