Аяқ-қолы жоқ бодибилдер Интернет қолданушыларын тәнті етті

24 Шілде 2017, 09:36
0
Аяқ-қолы жоқ бодибилдер Интернет қолданушыларын тәнті етті - © Instagram/Ник Сантонастассо
© Instagram/Ник Сантонастассо

Аяқ-қолы жоқ 21 жастағы бодибилдердің спортзалда салмағы 700 келі болатын автомобиль доңғалағын көтеріп жатқан сәті түсірілген видеолар Желіде кеңінен танымал болды. Жігіт туа біткен мүгедек бола тұра, осындай ерлік жасап, қолданушыларды таңғалдырып отыр, - деп жазады L!FE.ru.

Басылымның мәліметінше, Ник Сантонастассо Ханхарт синдромына шалдыққан. Сирек кездесетін бұл ауру адамның аяқ-қолының жұмысына әсер етеді екен және мұндай ауруға шалдыққан балалардың 30 пайызы ғана әрі қарай өмір сүре алады. Дегенмен 21 жастағы жігітке бұл ауру спортпен айналысып, бодибилдер атануға еш кедергі келтірмеді.

Никтің айтуынша, ол осындай аурумен дүниеге келген 12 адамның бірі. Олардың сегізі көз жұмған екен.

Сондай-ақ, бодибилдер жігіт осыған дейін түрлі пранктер түсірген болатын.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай