Балабақшада бір-бірін балағаттаған қызметкерлер жазаланды

16 Маусым 2016, 14:45
0
Балабақшада бір-бірін балағаттаған қызметкерлер жазаланды - © Тeleprogramma.pro
© Тeleprogramma.pro

Балабақшада бір-бірін балағаттаған қызметкерлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына сүйенсек, Павлодардағы балабақшалардың бірінің екі қызметкері жұмыс уақытында бірі-біріне балағат сөз айтқан. Жанжал балалар ұйықтайтын уақытта болған, дегенмен бұл мекеме қызметкерлеріне тосқауыл бола алмапты.

Сот қаулысына сәйкес, екі әйел ұсақ бұзақылық дерегі бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 819-бабына сәйкес, сот айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетіп, 14 847 теңге көлемінде айыппұл тағайындады", - делінген таратылған хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай