1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Баласы әкесін қымбат көлігімен бірге жерлеген13 маусым 2018, 10:03

Азубуике (Azubuike) есімді нигериялық өз әкесін табытта жерлеудің орнына жаңа көлікте жерлеген, - деп жазады The Daily Mail.

Басылымның мәліметінше, ер адам әкесін жерлеу үшін 66 мың фунтқа (шамамен 30 миллион теңге) жаңа BMW көлігін сатып алуды шешкен. Азубуике әкесі тірі болғанда оған жаңа көлік әперуді уәде еткен екен. Сондықтан ол осындай ерекше жолмен құрмет көрсеткісі келген.

Жерлеу рәсімі түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде таралып, талқыланып жатыр. Қолданушылар мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын айтады. Кейбір қолданушылар жерлеу рәсіміне сонша қаражат жұмсалуына наразылық білдіріп жатыр. Ал кейбіреулер Азубуикенің өзімшіл адам екенін жазған.


Алматыда митинг өтті