Балықшылар Жайықтан қорқынышты балық аулады

22 Мамыр 2018, 09:12
0
Балықшылар Жайықтан қорқынышты балық аулады -

Атырауда балықшылар Жайық өзенінен сирек кездесетін жыланбалық аулады. Бұл туралы ATPress.kz басылымы хабарлады. 

Ғалымдардың айтуынша, бұл балық түрі Жайық өзенінен екі рет қана, 1973 және 2008 жылдары ғана ауланғаны тіркелген. 

"Жыланбалық он жылдан кейін ғайыптан Атырауда пайда болды. Балықшылардың ауына түскен балықтың ұзындығы 94 сантиметр", - делінген мақалада. 

"Балық түрін нақтылау үшін оны Алматыға жібердік, онда зоологиялық комиссия "Қызыл кітапқа" енген балық түрімен айналысатын профессор қарайды. Шынымен де бұл балықтың өзен жыланбалығы екені анықталды. Орынборлық мамандар растап берді. Сол жақта бір кездері су қоймаларына жыланбалық құрты суға жіберілген екен. Сол жыланбалық бізге ағыспен келген сияқты", - деді Қазақа балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Атыраудағы филиалының ғылыми қызметкері Елена Бокова.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай