Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді © pavlodarnews.kz

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді, - деп хабарлайды рavlodarnews.kz тілшісі khabar.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді, - деп хабарлайды рavlodarnews.kz тілшісі khabar.kz порталына сілтеме жасап.

Сауапты шараға осы елдегі мұсылман қауымы шақырылған. Ауызашарға мемлекет басшысының өзі қатысты. Ол келгендерге алғысын айтып, әлемдегі және АҚШ-тағы соңғы оқиғаларды ескергенде, мұндай басқосудың маңызы ерекше екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Обама Чарльстон қаласында африкалық шіркеуге шабуыл жасалғанын және қақтығыс құрбанына айналған миллиондаған адамның аш-жалаңаш жүргенін айтты.

"Ақ үйде жылда ауызашар берілетін мына дастархан әлемдегі 1,5 миллиард мұсылманға құрмет көрсету үшін жайылады. Біз тіліміз бен түріміз, дініміз мен діліміз әртүрлі болса да, үлкен бір отбасымыз. Қарулы қақтығыстар мен басқа факторлар салдарынан жапа шеккен, әсіресе, аштық пен кедейшілік жайлаған елдерде тұрса да, ауыз бекіткендер үшін дұға қылайық", - деді АҚШ президенті Барак Обама.

Айта кетейік,18 маусым күні мұсылман қауымы ниеттеріне қарай ауыз бекітіп, Ораза ұстады. Он екі айдың сұлтаны Рамазан биыл 29 күнге созылады. Жалпы ауыз бекітуге ниет еткен жандар ішіп-жеуден ғана емес, жаман қылықтар мен лағнет сөздерден бойды аулақ ұстауы керек. Шілденің 13-інен 14-не қараған түні - Қасиетті Қадыр түні, ал 17 шілдеде Ораза айт басталады. Ал пітір садақаның құны биыл - 200 теңге.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети