Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді

02 Маусым 2015, 15:22
0
© e-islam.kz
© e-islam.kz

Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталы ҚМДБ-ның Павлодар өңірі бойынша өкіл имамы, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Нариман Исеновке сілтеме жасап. Айта кетейік, әр жылы Рамазан айының қарсаңында мұсылман жұртшылығында "Биыл жиырма тоғыз күн ауыз бекітеміз бе, әлде отыз күн бе?" деген сұрақ туындайды.

"Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді. Сағынышпен қауышып, қимай қоштасатын қасиетті Оразаның тарауық намазы облысымыздың барлық мешіттерінде маусым айының 17-сі кешкі 23.00 шамасында басталады. Тарауық намазы хатыммен оқылады. Қадір түні шілденің 13-інен 14-не қараған түні болады. 17-шілдеде таңғы алты шамасында айт намазы оқылады. Пітір садақа құны - 200 теңге", - дейді Исенов.

Оның айтуынша, ауыз бекіткендерге Рамазан айында сұйық тағамдарды көптеп тұтынып, спорттық жарыстарға аздап қатысу керек. Ал Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Нұржан Манапбаевтың айтуынша, ораза кезінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

"Орталық мешітте "Әуенді азаншылар" атты азаншылар байқауы және "Хадис білгірі" атты жарыстар өтеді. Сонымен қатар, "Аталы сөз - алтын нәр" атты ақсақалдар арасында бата жарысы ұйымдастырылады. Жүлдегерлер Қадір түнінде бағалы сыйлықтармен марапатталады",- дейді Манапбаев.

Айта кетейік, биыл Қазақстанға Түркиядан алты қари келеді. Солардың екеуі Павлодар өңірінде тарауық намазын жүргізеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай