26 қаңтар 2022 | 09:26

"Басына оқ тиген". Тәртіпсіздіктер кезінде жараланған алматылық оқиғасын айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty.tv\видео кадры Фото: almaty.tv\видео кадры

Алматылық Мұстафа Дайрабай каңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған. 6 қаңтарда белгісіз біреулер оқ жаудырып, оның басына оқ тиген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Мұстафа Дайрабай каңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған. 6 қаңтарда белгісіз біреулер оқ жаудырып, оның басына оқ тиген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметіне сүйенсек, 6 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Назарбаев даңғылымен кетіп бара жатқан көлік оқтың астында қалып, салдарынан жүргізуші жараланған. Самайына оқ тиген Мұстафа Дайрабайдың айтуынша, сол сәтте көзі қарауытып, құлағы естімей қалған. Алайда дереу есін жиып, қасындағы досын қауіпсіз жерге алып шыққан.

"Көше маңында жаяу жүргіншілер жолы бар. Қорыққанымыздан сол жаққа қарай қаштық. 2-3 аялдамадай жерге жеткенде бір көлікті тоқтатып, ауруханаға апаруға көмек сұрадық. Ол бізді ауруханаға жеткізді", ‑ дейді жәбірленуші Мұстафа Дайрабай.

Осы оқиғадан кейін қажетті ем-дом алған Мұстафаның денсаулығы бүгінде біршама жақсарған. Алайда ол жәбірленушіден күдіктіге айналып кетуден қорқады, сондықтан тәртіп сақшыларына жүгінбепті. Ол біріншіден, жараланғаны, екіншіден, намаз оқитыны өзіне қарсы соққы бола ма деп сескенеді.

Алайда заңгер мұндайда қорқудың қажеті жоқ, керісінше, заңға жүгіну керек екенін айтады.

"Мұстафа ешқандай ланкестік топқа жатпайды. Ешқандай бүлік жасаған жоқ. Заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Ол - жәбірленуші. Сондықтан Мұстафаға еш нәрседен қорықпай, дереу Бостандық аудандық Полиция басқармасына барып, арыз жазып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, көлігін алып шығу бойынша арыз жаздырып, көлігіне келтірілген залалды әкімшіліктен ақшасын өндіру туралы арыз жазуы керек", ‑ деді халықаралық заңгерлік компанияның директоры Ғабит Өмірбеков.

Мұндай жағдайда заңгерлер ең алдымен, сабыр сақтауға кеңес береді. Егер өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар болса немесе өзінің кінәсіз екеніне сенімді болса, жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети