26 маусым 2017 12:28

Бауыржан Байбек Алматыда өткен "Ұлы дала рухы" фестиваліне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алатау тау бөктерінде өткен "Ұлы Дала Рухы" - "Дух Великой Степи" атты II халықаралық фестивальге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алатау тау бөктерінде өткен "Ұлы Дала Рухы" - "Дух Великой Степи" атты II халықаралық фестивальге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық саябағында "Ұлы Дала Рухы" - "Дух Великой Степи" этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты.

Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. "Ұлы дала рухы" фестиваліне келгендердің барлығы қазақтардың және басқа да түркі халықтарының бай мұрасымен танысты.

Фестивалге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, олардың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт- дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардың көне тұрмыс- тіршілігінен хабардар болды, ертедегі қолөнершілердің құпияларын біліп, шеберлік сыныптарынан дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеудің көне технологиясын меңгерді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің өнерін көрсетті. Видеоны Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Тимур Базарбаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Фестивальге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өмірі мен олардың күнделікті тұрмысы жайлы, халықтардың тарихи салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысты. Сондай-ақ, олар ежелгі қолөнершілердің шеберлігімен танысып, киізбен, былғарымен, күміспен және балшық сазбен жұмыс жасап көрді.


Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети