Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

"Бірнеше адам қайтыс болды". Желіде Нұр-Сұлтанда "түсірілген" жалған видео тарады 07 наурыз 2021, 09:14

WhatsApp және әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда бірнеше адам жиналып, қысылысып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болғаны туралы видео тарады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

WhatsApp және әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда бірнеше адам жиналып, қысылысып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болғаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға желісі бойынша, бірнеше адам жиналып, салдарынан "бес адам қайтыс болып, үшеуі жансақтау бөліміне түскен". Видео жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда болған жағдай делінген. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, бұл оқиғаның Қазақстанға қатысы жоқ.

Қайғылы оқиға Боливияда Эль-Альто университетінде болған. Экономика, қаржы және әкімшілік ғылымдар факультетінің студенттері жиналысқа бара жатқан.

Видео Нұр-Сұлтанда түсірілгені туралы мәлімдеме - фейк. Оны видеода адамдардың не қазақша, не орысша сөйлемейтінінен де байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram