Бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алған күзетшінің видеосы Желіде дау шығарды

28 Тамыз 2017, 09:05
1
Бұрынғы мұғалімін ұрлық үстінде ұстап алған күзетшінің видеосы Желіде дау шығарды -

Ростов облысындағы Сальск қаласында "Магнит" супермаркетінің күзетшісі егде жастағы әйелді ұрлық үстінде ұстап алды. Кейін ол өзінің бұрынғы мұғалімі әрі мектеп директоры екенін таныды, - деп хабарлайды Bloknot

Ер адам ұрлыққа тосқауыл қоюмен шектелмей, оқиғаның видеосын Интернетке таратып жіберген. Күзетші түсіріп алған кадрларда зейнеткерден жасырын қалтасы бар сөмкесін ашуды талап етеді. Онда азық-түлік табылады. 

"Мынау не сұмдық? Бұлай істеуге бола ма? Бір кездері менің директорым болған едіңіз ғой", - дейді кадр сыртындағы ер адам.  

Желі қолданушылары осыған байланысты дауласып жатыр, біреулері ұрлық жасаған зейнеткерді сөксе, бірі күзетшінің бұл ісіне сын айтқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай