17 ақпан 2020 15:55

Дауыл кезінде апат жағдайында қонған ұшақтың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Лондонда "Дэннис" дауылы кезінде ұшақтың экстремалды жағдайда қонуы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Лондонда "Дэннис" дауылы кезінде ұшақтың экстремалды жағдайда қонуы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Etihad әуекомпаниясының Airbus A380 лайнерінің ұлыбританиялық Хитроу әуежайына қону сәтінде түсірілген видео SpeedbirdTV YouTube-каналында жарияланды. Онда ұшақтың қатты соққан желдің салдарынан жерден сәл биікте қалықтап, жолаққа көлденең қонғаны түсірілген. Видео сипаттамасында оқиғаның 15 ақпанда болғаны айтылады.  

Өткен демалыста Ұлыбританияда "Дэннис" дауылы тұрды. Deutsche Welle басылымының мәліметінше, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан. Кейбір аймақтарда желдің екпіні сағатына 150 шақырымға дейін жеткен. Арбердарон қалашында қызыл деңгейлі төтенше жағдай (адам өміріне қауіпті) жарияланған. Осы аймақтардан бірнеше ауылдарды эвакуациялаған. 

Euronews.com мәліметінше, Арбердарон қалашығында жүздеген үйді су басқан, көліктер суға кеткен. 

9 ақпанда Ұлыбританияда "Сиара" дауылы басталды. Онда куәгерлер ұшақтың апатты жағдайда қонғанын видеоға түсірген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети