06 ақпан 2015 17:18

Ең көп селфи түсірілетін туристік орын анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©delfi.lv ©delfi.lv

Франциядағы Эйфель мұнарасы әлемдегі ең көп селфи түсірілетін жер ретінде танылды. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.


Франциядағы Эйфель мұнарасы әлемдегі ең көп селфи түсірілетін жер ретінде танылды. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

AttractionTix мамандары әлеуметтік желілер бойынша туристер көп баратын орындарды тауып, ең көп селфи түсірілетін жерлердің рейтингін жариялады. Олар 2015 жылдың басынан бері туристердің Париждегі Эйфель мұнарасының алдында өзін-өзі суретке көп түсіргенін анықтады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа жылдың бір айының өзінде адамдар Instagram желісінде осы мұнара аумағында түсірілген суреттері бар 10 700 постты жария еткен.

Селфи үшін көп таңдалатын жерлер рейтингінде Флорида штатындағы Орландо қаласында орналасқан Disney World ойын-сауық кешені екінші орында тұр. Бұл жерде болғаны жайлы 9900 адам пост жариялаған. Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Бурдж-Халифада (Дубай) 8860 селфи түсірілген.

Бұл тізімге Лондондағы Биг-Бен мен Нью-Йорктағы Эмпайр-стейт-билдинг, Барселонадағы Қасиетті әулет соборы, Париждегі Диснейлендтер де енген. Ал рейтингтің алғашқы ондығына Римдегі Колизей, Нью-Йорктағы Top of the Rock көру алаңы және Лондон көпірі кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети