14 мамыр 2017 | 10:02

"Eurovision-2017" байқауында көрермен сахнаға шығып, шешініп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевте өткен "Eurovision-2017" байқауында үстіне Аустралия туын жауып алған көрермен украиналық әнші Джамала ән айтып жатқан сәтте сахнаға шығып алып, шалбарын шешіп тастады.


Иконка комментария блок соц сети

Киевте өткен "Eurovision-2017" байқауында үстіне Аустралия туын жауып алған көрермен украиналық әнші Джамала ән айтып жатқан сәтте сахнаға шығып алып, шалбарын шешіп тастады.

Джамала конкурсқа қонақ ретінде қатысып, I believe in U әнін орындаған. Ән басталған соң бірнеше секунд өткенде ер адам сахнаға жүгіріп шығып, шалбарын ішкиімімен қоса шешіп, жұртты таңғалдырды. Осыдан кейін оны күзетшілер сахнадан алып кетті. Ал әнші бұл жағдайға еш алаңдамай, әнін жалғастыра берді. 

Сөйтсек, аустралиялық ту көтерген көрермен 28 жастағы белгілі пранкстер Виталий Седюк болып шықты. Ер адам 2013 жылы "Оскар" жүлдесін марапаттау кезінде де осындай қылық шығарған, ал 2016 жылдың соңында Ким Кардашьянның жамбасын сүйемін деп, шу шығарған.

Еске салайық, португалиялық әнші Сальвадор Собрал Киевтегі "Eurovision-2017" музыкалық конкурсының жеңімпазы атанған еді. Ол фаворит саналып келген. Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, Собрал Amar Pelos Dois әнімен 758 ұпай жинады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети