Геймер атыс-шабыс ойынын 3 тәулік ойнағаннан кейін қайтыс болды

18 Қаңтар 2015, 10:18
0
Геймер атыс-шабыс ойынын 3 тәулік ойнағаннан кейін қайтыс болды - ©Devicemag.com
©Devicemag.com

Тайванда Интернет-кафелердің бірінде 32 жастағы геймер үш сағат бойы атыс-шабыс ойынын ойнағаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Mirror.

Интернет-кафенің қызметкерлері мен қонақтары компьютер алдында қимылсыз отырған ер адамды ұйықтап қалды деп ойлаған. Бірақ жұмысшылардың бірі геймердің жағдайын тексеріп көрмек болады да, оның дем алмай жатқанын байқайды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауруағана алып кетеді, бірақ кейін геймердің өлімін тіркейді.

Интернет-кафе қызметкерлері ер адамның бұл мекемеге жиі келіп, бірнеше күн бойы ойнап кетенін айтты. Үзіліс кезінде ол орындықта отырып, бетін столға қойып ұйықтайды, сондықтан да дабыл дереу қағылмаған. Дәрігерлер ер адамның көп уақыт бойы ойын ойнағандықтан жүрегі тоқтағанын мәлімдеді.

Тайванда бұл айда осымен екінші адам ойын ойнағаннан қайтыс болып отыр. 1 қаңтарда 38 жастағы ер адам бес күн бойы ойын ойнағаннан кейін қайтыс болған еді. Оқиға орнына құқық қорғау орган қызметкерлері келген кезде де Интернет-кафе қонақтары компьютерден бас алмай отырған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай