1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Индонезияда жол бойына жүгіріп шыққан жұмбақ бейне байкерлерді шошытты

© Tribunnews.com © Tribunnews.com

Индонезияның батысында (Ачех провинциясы) мотоциклшілер тобы орман ішінде қызық оқиғаға тап болды. Қолында таяғы бар адамға ұқсас фигура жол бойына жүгіріп шығып, байкерлерді шошытып жіберген, - деп жазады Jakarta Post.

Осылайша, мотоциклшілердің бірі жұмбақ бейнеден қатты шошып, құлап түскен. Байкерлер түсірген видеодан адамға ұқсас біреудің жүгіріп шыққанын көруге болады. Бірақ видеода жұмбақ бейненің бойы кәдімгі адамдардан кішкентай әрі шашы да жоқ. Содан ол із-түссіз шөптердің арасында жоқ боп кеткен.

Енді Интернет қолданушылары мотоциклшілердің видеоға нені түсіріп алғанын жорамалдап отыр. Біреулер оны Ачех провинциясының аңызға айналған қазіргі тұрғындарының бірі болуы мүмкін деп отыр. Бірақ бұл тайпаға қатысты әзірше ешқандай ғылыми дәлелдер жоқ екен.