Instagram әлеуметтік желісінде гамбургерлердің суреттері жиі жарияланады, - деп хабарлайды Rambler news service. Бұған Ашот Габреляновтың Borsch стартапының мәліметтері дәлел бола алады. Нейрон жүйесінің көмегімен биыл жазда Мәскеу, Нью-Йорк және Берлиндегі Instagram қолданушылары жүктеген тоғыз миллионға жуық тағам түрі зерттеуге алынды.

Ал ең жиі жүктелетін тағам түрлерінің екінші орнында пицца тұрса, үшінші орында суши екен. Сондай-ақ, Мәскеудегі Instagram қолданушыларының жиі жүктеген суреттерінің қатарында торттар, балмұздақ, қарбыздар, стейктер, тирамису мен басқа да тағамдар болған.
Балмұздақ пен пицца Нью-Йорктегі Instagram қолданушыларының ең жиі салатын суреттерінің екінші және үшінші орнында тұр екен. Сондай-ақ, Нью-Йорктегі қолданушылардың ең жиі жүктейтін тағамның суреттерінің қатарына суши, құймақ сияқты тағамдар кірген. Ал Берлин тұрғындары бургерлерден басқа жемістердің жиынтығын, пицца мен фалафелидің суреттерін жиі жүктейді екен.
Айта кетейік, осыған дейін америкалық ғалымдар Instagram желісі арқылы күйзеліске ұшырайтын адамдарды анықтаған болатын.Ғалымдар 166 қолданушының Instagram желісіндегі шамамен 44 мың суретін жинап алған. Олардың 71-і күйзеліске түскен, ал 95-і сау. Мамандар осылайша зерттеуге қажетті барлық мәліметті алған.