1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Интернетте қыз алып қашқан қазақтардың видеосы пайда болды11 маусым 2015, 12:32

© tvrain.ru © tvrain.ru

Интернетте қазақ қызын алып қашқандар туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға қарағанда, қыздың есімі Арай. Оны күштеп алып келген ер адамдар мен әйелдер оның басына орамал салуға тырысады. Бірақ қыз айқайлап, шыңғырып, балағат сөздер айтып, қарсылығын білдіреді.

Видеоны "Хабар" агенттігінің журналисі Бауыржан Орда өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жариялады. Оған бұл кадр WhatsApp арқылы жіберіліпті, ол оқиғаның қашан және қайда болғанының белгісіз екенін жазды. Қолданушылар да бұл жайтқа қатысты пікірлерін көптеп қалдырған.