Интернетте танысқан жұп бірінші кездесуде төбелесіп қалды

25 Шілде 2015, 00:14
0
Интернетте танысқан жұп бірінші кездесуде төбелесіп қалды - © youku.com
© youku.com

Қытайдың қалаларының бірінде бір қыз бен жігіт Интернет арқылы танысып, бір-біріне ғашық болады. Бірақ олар алғашқы кездесулерінде төбелесіп қалған. Оқиғаны куәгерлер түсіріп алып, Қытайдың көптеген интернет-ресурстарына шығарды, кейін YouTube желісіне де жүктелді.

Жастар бір-бірін суреттегідей елестеткен. Олар кездесу кезінде бір-бірінің шын өмірдегі бейнесіне көңілдері толмай қалыпты. "Өзіңе қарашы, түрің қандай! Суреттерде тіпті басқа көріндің!", - деп айғайлайды қыз. Бұдан кейін ол жігітті сөмкесімен ұрып, "пайдаланып кеттің" деп айыптайды. Жағдайды көшедегілерге көрсеткісі келген жігіт смартфонындағы суреттерге нұсқайды: "Қараңыздар. Мені Интернет арқылы шақырды. Қараңыздар мына тауықтың маған не жібергенін. Бұл не сонда, өзі ме?".

Жанжал кезінде қыз оны "нақұрыс" деп атайды. Жігіт оны итеріп құлатып, жайына кетеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай