Интернетте трамвайға тіркесіп сырғанағандардың видеосы пайда болды

27 Наурыз 2015, 17:09
0
Интернетте трамвайға тіркесіп сырғанағандардың видеосы пайда болды - ©63.ru
©63.ru

Интернетте трамвайдың артқы бөлігіне тіркесіп сырғанақ тепкен балалар туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Үш мектеп оқушысының мұндай қауіпті ойынын жолда кетіп бара жатқандар түсіріп алыпты. Жазбаның сипаттамасына қарағанда, бұл Павлодарда болған. Видеоны YouTube желісінің қолданушысы videopavlodara деген атаумен жариялаған. 

Видеодан балалардың еш қорықпастан трамвайға тіркесіп алып сырғанап, қары еріп кеткен қара тас жолдың үстіне келгенде де ойындарын жалғастыра бергендерін көруге болады. Трамвайдың жүргізушісі салоннан шықпағандықтан оқушылар ойындарын жалғастыра берген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай