01 шілде 2017 12:55

Жаңа Гвинея папуастары Астанада қазы мен қуырдақтан ауыз тиді

© Royal Catering компаниясы жолдаған сурет

Астанаға EXPO-2017 көрмесіне қатысуға келген Папуа-Жаңа Гвинея делегаттарын ұлттық аспен тамақтандырды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанаға EXPO-2017 көрмесіне қатысуға келген Папуа-Жаңа Гвинея делегаттарын ұлттық аспен тамақтандырды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. 

Дәстүрлі дастархан жайылған шетелдіктермен кездесудің видеосы компанияның YouTube арнасында жарияланды. 

Реклама
Реклама

"Бұл делегаттар Астанаға EXPO көрмесінде жұмыс істеуге келді. Біз жаңалықтардан олардың қалада жүргенін көрдік, олар кейтерингпен айналысып жүр екен, біз оларды қонаққа шақырып ұлттық асымызды тарту еттік. EXPO футуристік қалашық, біз шетелдіктерге өз шыққан тегіміз бен мәдениетімізді көрсетуді алға қойдық. Бұл үшін біз Этноауылды таңдадық, онда мейрамхана бар. Қымыз, шұбат беріп, құртты тарту еттік. Содан кейін қазы, қуырдақ, сорпа бердік", - деді Royal Catering компаниясының өкілі. 

Видеода қонақтардың садақпен оқ атып, бүркіттерді сипап, ән айтып, қазақтың асының дәмін татып отырғаны көрінеді.

"Дәмі кішкене алкогольге келеді, кішкене сүтке ұқсас. Егер біз осындай өңірде өмір сүріп және кола болмағанда біз қымыз ішер едік", - дейді қонақтардың бірі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram