Желіде ерекше ұзату тойының видеосы пайда болды

17 Қазан 2016, 21:10
1
Желіде ерекше ұзату тойының видеосы пайда болды -

WhatsApp пен Instagram қолданушылары ерекше ұзатуы тойы түсірілген видеоны бір-біріне жолдап, бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның жер үйлердің бірінің ауласында түсірілгені көрінеді. Сондай-ақ, есіктің алдында қонақтар мен үй иелерінің ақ матаны төсеп қойғанын көруге болады. Кейіннен видеода үйден ұлттық киім киіп, орамал таққан әйел шығады. Ол туысқандарымен жылап қоштасып жатады. 

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл іс-шара Маңғыстау облысының Қарақиян ауданындағы Сенек ауылында болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі ұзатылып жатқан келіннің жасы 61-де десе, кейбіреулері оның жасы 55-те деп жатыр. Алайда ауыл әкімдігіндегілер бұл ақпаратты не растай, не жоққа шығара алмады.

 

Айта кетейік, кейінірек Желіде беташардың суреттері де пайда болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай