1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Жыртқыш муренаның дайверге тап берген сәті видеоға түсіп қалды23 ақпан 2018, 15:49

Иллюстрациялық сурет © beautyufa.ru Иллюстрациялық сурет © beautyufa.ru

Желіде ірі муренаның дайверге шабуыл жасаған сәтіндегі видео пайда болды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Оқиға Оңтүстік Африкадағы Содвана теңіз айлағында болған. Польшадан келген жігіт коралл жартастарын көруге суға түскен, кенет ол артынан екі муренаның қуып келе жатқанын байқаған. 

Видеодан балықтардың бірі дайверге қарап, "қарсыласын" қорқыту үшін аузын айқара ашқанын көруге болады. Осыдан кейін ол дайверге тап беріп, оның артынан қалмаған. Дегенмен дайвер қашып құтылды.

Ер садамның сөзінше, ол муреналарға тимеген, жыртқыш балықтар оған не үшін шабуылдағаны түсініксіз.