1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

"Қалауым сен" бағдарламасының редакторы экс-қатысушының айыптауына жауап берді19 ақпан 2020, 12:19

"Қалауым сен" редакторы Шах-Керім Карменов бағдарламаның Айдын есімді экс-қатысушысының айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карменов айыптаулардың дәлелсіз екенін айтты.

"Құрметті көрермен, үндемей қоя салайын деп едім, бірақ үндемеуге болмай жатыр. Жексенбі күні мен өмірімдегі интервью деп айтуға ұяларлық, бір өте нашар интервьюді көрдім. Интерьвюде екі қазақтың азаматы кәдімгі асүйде отырған жеңгелеріміз ұқсап интервью емес, өсек айтады. Өсек мен жайлы екен. Бір дәлелі жоқ, бір дәйегі жоқ. "Мен көрдім, мен естідім, мен солай деп ойлаймын" деген сөздің негізінде құралған бір арзан дүние", - деді Карменов Instagram желісінде жариялаған видеосында.

Сонымен қатар, ол жездесінің жаназасын шығаруға бара жатқанын айтып, оқырман мен көрерменге анық-қанығын біліп барып тұжырым жасауға шақырды.

"Нәтижесінде мені ата дінімнен айырып, мұсылман бауырларымды маған қарсы қойып, мені айтуға ұяларлық бір діннің өкілі ретінде көрсетіп, өзі, назар аударып жіберсеңіз, сол интервьюде "Звезда давида" деген сияқты алты ұшы бар жұлдыздың бейнесі бар жейде киіп алып, мұсылмандар жайлы әңгіме айтыпты. Ең өкініштісі кейбір тыңдарман да, оқырман да оған сеніпті, оның нәтижесін қазір мен өзімнің Direct-імнен көріп жатырмын (...) "Қалаулым" бір отбасы, сендерден басқа сатқындар жоқ", - дейді бағдарлама редакторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shah-Kerim Karmenov (@shahkerim)

Ал мұның алдында Айдын есімді экс-қатысушы әзілкеш Нұрболхан Шараповқа сұхбат беріп, онда "Қалаулым" бағдарламасы "сценарий бойынша жұмыс істейді" әрі "қатысушыларды бір-біріне айдап салады" деп айыптаған болатын.

"Олар мен жұма күні эфирде бар шындықты айтқаннан кейін маған күйе жағу сияқты әрекет жасап жатыр. "Қалаулым" - ақша әкелетін үлкен бизнес. Бұл бизнес сол күні тоқтады деп сене беріңіз, онсыз да халық сенбей, күмәнданып жүрген еді. Сол кезде мен шындықты бас редактордың бетіне тікелей эфирде айтқаннан кейін тоқтады. Олар сол бизнесін жалғастыру үшін кез келген нәрсеге барады. (...) Сотталсам да, өліп кетсем де, маған бәрібір", - деген еді Айдын есімді қатысушы.


Ұлттық валюта нығайды