23 қаңтар 2014 11:47

Қасиетті рухтан бала тапқан әйел суреті жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет corriere.it сайтынан алынған Сурет corriere.it сайтынан алынған

"Италиялық Corriere Della Sera газеті Римге таяу орналасқан Риети қаласындағы монастырда тұратын, қасиетті рухтан бала тапқан монах әйелдің алғашқы суретін басып шығарды" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Естеріңізге салар болсақ, өткен аптада Италияның Риети қалашығында монах әйелдің қасиетті рухтан бала тапқаны, бұл хабардың халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып отырғаны жайлы айтылған болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының сол кезде таратқан мәліметі бойынша, монах әйел жүкті екенін білмеген. Белгілі болғаны, монах әйел Сальвадор елінен және сәбиіне Рим Папасының құрметіне Франческо деп ат қойған. Соңғы мәлімет бойынша, монах әйелдің аты Роксана Родригес екені анықталды. Оның жасы алғаш хабарланғандай, 31-де емес, 33-те. Сондай-ақ, ол қасиетті рухтан емес, тірі ер азаматтан бала тапқан. Алғашында, монах әйел "қалай жүкті болғанымды білмеймін" дегенмен, ақпарат құралдарындағы у-шудан соң өзінің отандасынан бала көтергенін мойындаған. Алайда, ол баланың әкесінің аты-жөнін айтудан бас тартқан. Десе де Роксана Родригес шіркеуге хат жолдап, онда пәктік, жарлылық, бойсұну туралы уәдесінде тұра алмағандығы үшін кешірім сұраған. Дін қызметкерінің пайымдауынша, Роксана өткен жылдың наурыз не сәуір айларында көтерген. Өйткені, ол сол кезеңде төл құжатын жаңалау үшін Сальвадорға барып қайтқан көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети