Қаскелеңде Мемлекеттік ту төңкерілген күйі ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаскелеңде Мемлекеттік ту төңкерілген күйі ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға видеоны Қаскелең тұрғыны жолдады. Оның айтуынша, ту Абылай хан көшесіндегі Қарасай аудандық кітапханасының ғимаратында ілінген. Ол тудың аза тұту күніне байланысты түсірілгенін, алайда төңкеріліп қалғанын айтып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Заңының 12-бабында жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асыратыны жазылған. Айта кетейік, аудандық кітапхана қалалық әкімдіктің маңында орналасқан.