Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Ақтөбедегі терактінің салдарынан қаза тапқандарға байланысты Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні

09 Маусым 2016, 08:57
0

Ақтөбедегі терактінің салдарынан қаза тапқандарға байланысты Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 8 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. "Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын", - делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімінде.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Tengrinews.kz қаза тапқандардың тізімін жариялайды.

1. Максименко Андрей Владимирович, 1972 жылы туған, "Паллада" қару-жарақ дүкенінің сатушысы. Жанұясы Ақтөбеде тұрады. 

2. Онищенко Николай Александрович, 1947 жылы туған, куәгер, "Паллада" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан, Ресей, Орынбор облысы. Отбасы Ақтөбеде тұрады. 

3. Тәжибаев Мерхан Есенбайұлы, 1983 жылғы, "Күзет" жеке күзет қызметінің қызметкері, артында екі баласы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады. 

4. Матросов Михаил Витальевич, 1981 жылғы, куәгер, "Пантера" дүкенінде өлтірілген, 13 жастағы баласы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

5. Сапар Дасбол Еркімбекұлы, 1997 жылғы, 6655 әскери бөлімінің. Отбасы ОҚО-да тұрады. Шардара ауданы, Көксу ауылы.

6. Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, 1975 жылғы, әскери, 6655 әскери бөлімінің офицері, Қызылорда облысының тумасы. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

7. Калиев Берик Ерланович, 1978 жылғы, 6655 әскери бөлімінің қызметкері, артында төрт баласы қалды. Отбасы Оралда тұрып жатыр.

Айта кетейік, "Жарнама туралы" заңға сәйкес, ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай