04 қазан 2021 09:33

Каспий теңізінде итбалықтарды құтқару сәті видеоға түсірілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ресейлік шекарашылар браконьерлік жолмен ұсталған итбалықты құтқарды. Жануар судан шығып қалғасын оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Amur.info агенттігіне сілтеме жасап.

Шекарашылар итбалық өте белсенді болғандықтан, жарақаттары байқалмағандықтан ашық теңізге бірден жіберуді ұйғарған.

Сондай-ақ, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген 200-ден астам бекіре тұқымдас балықты аулаған 30 браконьерлік торды тапты. Ұсталған балықтар бірден теңізге қайтарылды.

Бұған дейін қазақстандық шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлік тордан құтқарған сәтін видеоға түсірген. Итбалықтар браконьерлердің торына жиі түсетінін айтты. Торға түскен жануарлар жиі жараланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети