Қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" жұртты күлдірді

07 Наурыз 2016, 11:52
1
Қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" жұртты күлдірді - Видео кадры
Видео кадры

Қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншілердің өз мәнерінде 8 наурызға байланысты әйелдерге сыйлық таңдауы жайлы әзіл видеоны "Қызық Times" телебағдарламасы жасады.

"8 наурыз қарсаңында жігіттердің барлығының көкейінде қыздарға не сыйлаймыз деген сұрақ жүреді. Бұл сұрақ эстрадада жүрген азаматтарымызды да мазалайтыны сөзсіз. Ендеше қыздарға не сыйлаймыз? Жұлдыздармен ақылдасып көрейік. Сонымен, WhatsApp желісі, жұлдызды чат", - дейді жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек. 

Видеода әнші Берукт қыздарды Дубайға, болмаса Малайзияға апаруды ұсынса, Қайрат Нұртас ресейлік жұлдыздармен концерт беруді алға тартады, ал Төреғали Төреәлі өзінің хитке айналған әнін айтып отырады.  

Видео авторларының айтуынша, роликте аты аталған жұлдыздар желідегі "әңгімені" күлкімен қабылдапты. 

"Әртістеріміздің әзілді көтере білетін қасиеті бар. Әрқайсысы роликтің үзіндісін өз парақшаларына салды. Ал көрермендер Instagram желісінде белсенді бөлісіп жатыр", - дейді Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай