26 қыркүйек 2016 13:00

Қайрат Нұртас чемпион қыздарға ән арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас "ҚызықTimes" бағдарламасында Қайрат Нұртас "ҚызықTimes" бағдарламасында

Әнші Қайрат Нұртас "ҚызықTimes" бағдарламасында қазақсандық чемпион қыздар мен елімізге белгілі әйелдерге ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Қайрат Нұртас "ҚызықTimes" бағдарламасында қазақсандық чемпион қыздар мен елімізге белгілі әйелдерге ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Телебағдарламаның жүргізушісі Марат Оралғазин кезекті эксперимент жайлы айтып берді. "Бұл атақты "Дос-Мұқасан" тобының "16 қыз" әні, оны Қайрат Нұртастың өңдеп айтып шыққаны белгілі. Осыдан кейін біз Олимпиаданың жеңімпазы атанған ер спортшыларды ғана мадақтамай, сонымен қатар нәзік жандыларды да мақтап, мерейін үстем ету үшін осындай эксперимент жасауды ұйғардық", - дейді танымал жүргізуші. 

Әнде көк туымызды желбіреткен Зүлфия Ғабидуллина, Гүзел Манюрова, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, Дариға Шәкімова, Галбадрах Отгонцэцэг, Жансая Әбдімәлік сияқты спортшылар аталады. 

Бағдарламада Қайрат Нұртас тек спортшыларды ғана емес, өнер жолында жүрген Мөлдір Әуелбекова, Қарақат Әбілдина, Салтанат Бақаева, Аиша, Луина, Жанар Дұғалова сияқты әншілерді атай келе, шәкірт тәрбиелеп отырған продюсерлер Баян Есентаева, Динара Адам, Алуа Қонарова және өз анасы Гүлзира Айдарбекованы әнге қосады.  

"Қызық Times" - "Хабар" телеарнасындағы әзілге толы бағдарлама. Осыған дейін бағдарламаның авторлары мен жүргізушілері бірқатар қызықты эксперимент жүргізген еді. Мәселен, қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" қолданушыларды күлдірген болатын. Ал кейін оның жалғасы пайда болған еді. Сонымен қатар, бұл бағдарламада Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит рэп оқып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети