06 маусым 2014 13:14

Қазақ "рулары" моншада жалаңаш жүр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Әр жексенбі сайын жамағайын інімді ертіп, қоғамдық моншаға барамын. Охо, Сіз білмейсіз ғой, ол жерден тек тәнімді тазалап қайпаймын. Түрлі қызықты әңгімелер тыңдап, рухани байып серпіліп қаламын. Шынын айтайын, моншада жалаңаш еркектердің айтатын үш қана әңгімесі бар. Біріншісі – саясат, екіншісі – ру сұрасып, ата-бабалар жайлы аңыздардан сыр шерту, үшіншісі – (ішіңіз сезеді-ә!) әйел һәм тоқал мәселесі. Өткен аптада тағы да рухани байып қайтпақ болып, моншаға барып едім. Бұ жақтың "тұрғындары" бұрынғындай ру сұраспайтын болыпты. Оның орнына жалаңаш еркектердің көбі өз руларының аты жазылған бас киім (парда киетін) киіп алған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram