1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Қазақстан ұзақ жасаған адамдардың саны жағынан әлемдік рейтингке енді

© Әйгерім Бегімбет © Әйгерім Бегімбет

Қазақстан ұзақ өмір сүрушілердің саны бойынша жасалған рейтингте 17 мемлекеттің ішінде 12-орынға жайғасқан деп хабарлайды Massaget.kz басылымы CA-NEWS ресурсына сілтеме жасап.

«ЭлВисти» ақпарат орталығының мамандары электронды БАҚ-та соңғы 20 ай (2014 жылдан бастап) ішінде 100 жастан асқан қариялар туралы жарық көрген материалдарға талдау жасаған.

Көп жасаған адамдар санына қатысты барлық ақпарат бір кестеге жинақталды. Оған әлемнің 17 елінде ұзақ өмір сүрушілердің саны туралы деректер енген.

100 жастан асқан тұрғындары көп елдердің ондығында посткеңестік кеңістіктің 3 мемлекеті бой көрсетті: Өзбекстан, Ресей және Украина. Қырғызстан 16-орынға жайғасса, Қазақстан тізімнің 12-сатысынан орын алған.