04 тамыз 2015 15:43

Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын шектеу жоқ - ҮЕҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© legacy.fox48tv.com © legacy.fox48tv.com

Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын шектеу жоқ. Бұл туралы брифинг барысында "Еуразиялық құқық қорғау орталығы" ҮЕҰ вице-президенті Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын шектеу жоқ. Бұл туралы брифинг барысында "Еуразиялық құқық қорғау орталығы" ҮЕҰ вице-президенті Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген мемлекеттің заңнамасы жалпы құқықтық санаға, елдің құқықтық мәдениетіне сай болады. Нормативтік бақылаудың қазіргі деңгейі белгілі бір мөлшерде тіпті озық болуы да мүмкін және бізде бар заң нормаларының жүйесі де солай. Ол қатысушылардың және осы қатынастағы жүріс-тұрысты бейнелейді, бірақ бұл заңнама деңгейінде ғана, мен жыныстық азшылық өкілдерінің құқығы шектелген кезді көрмеппін", - деді Әбдірасулов.

Оның айтуынша, керісінше, қоғамда жыныстық азшылық өкілдеріне Қазақстанда тым зор еркіндік берілген деген сын көп айтылады. Бұл топқа жататын азаматтарға қатысты бірен-саран құқық бұзушылық болуы мүмкін, бірақ ол аса үлкен проблемаға жатпайды.

"Себебі біздің қоғамда, бүгінгі таңда, менің көруім бойынша, өзге елдердегідей аса үлкен проблема жоқ", - деді құқыққорғаушы.

"Бәлкім мұндай әрекеттер беймәлім күйге түсетін кездер болар, сонда ғана заңды жеңілдету немесе арнайы бақылау туралы айтыла бастауы мүмкін, бірақ қазіргі таңда ондай проблема жоқ", - деді Әбдірасулов.

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети