17 наурыз 2021 10:32

Қазақстандық бизнесменге тұрмысқа шыққан украиналық жүргізуші өмірі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукты Алмаз есімді қазақ бизнесменіне тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан кейін біле бастады. Олардың Мальдив аралдарындағы үйлену тойының әдемі суреттері әлеуметтік желілерде лезде тарады. Tengrinews.kz журналисі қызбен сұхбаттасты.


Қазақстандықтар украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукты Алмаз есімді қазақ бизнесменіне тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан кейін біле бастады. Олардың Мальдив аралдарындағы үйлену тойының әдемі суреттері әлеуметтік желілерде лезде тарады. Tengrinews.kz журналисі қызбен сұхбаттасты.

Иванна Онуфрийчук Алмазбен қалай танысқанын, екеуінің махаббат дастанын баяндап берді. 

"Алмазмен 2,5 жыл бұрын таныстым. Мұны бір қарағаннан ғашық болу деп айтпас едім, өйткені қарым-қатынасымыз бастапқыда баяу дамыды. Бірақ Алмаз маған "Сені бір көргеннен менің жарым болатыныңды түсіндім" деп айтқанды жақсы көреді. 

Бұған дейін де алғаш кездесуіміз қалай болғанын бірнеше рет баяндағанмын, бірақ бұл оқиғаны жақсы көремін. Оны романтикалық фильмде көрсетуге келмес, бірақ қазір бізді көктегілер қосқанын түсінемін.

Мен жалғыз демалғанды жақсы көремін, бір ретте Испанияға детокс клиникаға бардым, онда ағзаны тазарту бағдарламасынан өттім. Алғашқы күндері тамақтан қиналдым, себебі оны кішігірім ыдыспен беретін, көбірек салғызу мүмкін емес. Бір күні шай ішуге мейрамханаға бардым, халатпен, шашымды жинап шыға салғанмын. Қарным аш. Шөптен жасалған шайымды ішіп отырсам бір тартымды жігіт кіріп келді, бәрі оны айналшықтап, менеджер оған қарбыз әкеп берді. Сол кезде Алмаз мені өзіне қарап отыр деп ойлаған шығар, бірақ ойым тек қарбызда болды. 

Келесіде спортзалда кездестік, Алмаз көрші жолақта жаттығып тұрып, менімен танысты. Мен туралы сұрады, өзін Қазақстаннан екенін, биржада сауда-саттықпен айналысатынын айтты. Содан кейін топпен бірге Nordic walking тауларына баруға шақырды. Содан кейін ол менің телефон нөмірімді алып, Киевке барған кезде кездескісі келетінін айтты. Біз көп хат алмастық, сөйтсем маған "құпия жанкүйерлерден" келіп жүрген гүлшоқтары содан екен. Бірақ Алмаз ұзақ уақыт әрекет етпеді. Бір жылдай дос болып жүрдік", - деп бөлісті украиналық қыз. 

Иванна Онуфрийчук жұбайының шынымен қазақ екенін және Қазақстанға қашан баратынын айтты.

"Әрине, күйеуім қазақ. Алмаз Швейцарияда бизнесін дамытып, сонда көшіп барды. Ол өте талантты адам. Кәсіпкер ретінде де, өз жұмысына белсенді қатысып, процестерді бақылап, дағдарыстарды басқаруы керек. Әрине, Алмаз Қазақстанға барып тұрады. Бірақ, коронавирус инфекциясы салдарынан бәрі күрделеніп кетті. Сондықтан нақты бір нәрсені жоспарлау өте қиын. Келесі жолы Алмаз менімен бірге Қазақстанға барады деп ойлаймын", - деді ол.

Журналист келіншектен "Жұбайыңыз көпшілік алдында жүруді ұната ма? Сізбен бірге эфирде немесе іс-шараларға баруға қалай қарайды?" деп сұрады.

"Жұбайым ондай адам емес. Камералар мен жарықта өзін ыңғайсыз сезінеді. Дегенмен Алмаз менің жұмысымды құрметтейді және көпшлік алдында жүру менің қызметімнің негізі екенін түсінеді. Сондықтан біз маңызды іс-шараларға бірге барып, тіпті сюжеттерге бірге түсеміз", - деді ол.


Суреттер: Иванна Онуфрижчуктың жеке мұрағатынан 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети