"Қазақстандық Хатико". Иті иесінің моласын екі ай күзеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандықтар Шамалған ауылындағы итті танымал Хатико итімен салыстырды. Ол қайтыс болған иесінің моласын 2 ай бойы күзеткен. Бұл оқиға туралы Алматы облысының тұрғындары мен еріктілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Шамалған ауылындағы итті танымал Хатико итімен салыстырды. Ол қайтыс болған иесінің моласын 2 ай бойы күзеткен. Бұл оқиға туралы Алматы облысының тұрғындары мен еріктілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ит туралы алғаш рет Алматы тұрғыны Александр Вогау айтқан. Ол оны 18 желтоқсанда байқапты. Ер адам итті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

"Достар бұл иттің адалдығына қараңдаршы. Адамдар үйренуі керек. Осыдан 10 күн бұрын қар жауды, ал бұл жер құрғақ екен. Ол бұл жерді күзетіп отырған сияқты", - дейді видеоның авторы.

Александр Вогау Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында зиратқа досын жерлеу үшін барғанын айтты.

"Мен молада 3 күн болдым. Осы уақытта ол иесінің қабірін күзетіп отырды. Оған барып, тамақ беріп жүрдім. Бұл адамдарға үлгі. Ит иесіне адал екен. Сондықтан оның жанынан жай өтіп, кете алмадым. Оны суретке түсіріп тамақтандырдым. Менде 3 ит бар. Әйтпесе, өзіммен бірге алып кетер едім. Иттің иесі зираттың шет жағына жерленген. Онда үнемі жел соғып тұрады. Ит жылынғысы келсе, басқа жерге барар еді", - дейді Вогау.

Оның айтуынша, моладағы күзетші итті 1,5 ай бойы көрген. Алайда оған мән бергемен, бірақ тамақ беріп жүрген.

Осы уақытта Қазнетте осы ит туралы басқа видео жарияланды.

"Белый Бим" мекемесінің еріктілері "Қазақстандағы Хатико" туралы білген. Олар иттің денсаулығын тексеріп, жаңа қожайын тауып беру үшін оны өз қамқорлығын алыпты.

Tengrinews.kz тілшісінің өтініші бойынша еріктілер иттің иесі мен "Қазақстандағы Хатико" туралы білу үшін молаға барған.

Жергілікті тұрғын еріктілерге иттің 2 ай бойы қайтыс болған иесінің қабірін күзеткенін растады.

"Мен оған нан әкеп беріп жүрдім. Оған көп тамақ берілмегені байқалатын. Алайда зиратқа келген адамдар оған тамақ беріп жүретін. Бұл иттің тек бір қожайыны ғана болды", - дейді ол.

Еріктілердің айтуынша, ит өте ақылды.

"Бұл ұрғашы ит. Тісіне қарағанда 2 жаста сияқты. Оның қолға үйретілгені байқалады. Кейбір бұйрықтарды біледі. Қарғыға үйренген, үнемі жаныңда жүреді. Біз молаға бара салысымен ит иесінің қабіріне қарай жүгіре жөнелді", - дейді ерікті Наталья.

Жануарларға арналған мекеменің еріктілері "Қазақстандағы Хатикоға" жаңа қожайынды іздеп жатыр.

"Қазір біз оны уақытша орынға апара жатырмыз. Ертең оны мал-дәрігерлік клиникадағы маман қарайды. Кейін ол біздің мекемеге барады. Оның жаңа иесі тез табылады деген үміттеміз", - дейді ерікті.

@tengrinewskz

До слез😓 Пес тоскует по своему умершему хозяину и охраняет его могилу. Недалеко от ст.Чемолган Алматинской области #tengrinewskz

♬ оригинальный звук - Tengrinews.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer