25 қараша 2020 11:21

Қазақстандық иллюстратор жаңа туындысын интернетке тәуелділік мәселесіне арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аңсаған Мұстафа © Аңсаған Мұстафа

Қазіргі таңда интернетке тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Интернетке тәуелді жасөспірімдердің көпшілігі виртуалды қарым қатынаспен шектен тыс әуестенеді. Осыған байланысты, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі ReStart жобасы аясында танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафамен бірлесіп интернетке тәуелділік тақырыбында арнайы туындыларын жасап шығарды.

Интернетке тәуелділік тақырыбындағы арнайы 20 сурет туындылары еліміздің 13 аймақтық парақшаларына салынып, желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Желі қолданушыларының көбі суреттердің қазіргі заманның шындығын бейнелеп отырғандығымен бірден келісті.

Туындылардың негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдерге, ата-аналарға арнайы суреттер арқылы интернеттің зиянды тұстарын көрсету болып табылады. Қазіргі уақытта интернетке тәуелді адам барлық уақытын виртуалды әлемде өткізеді. Осылайша, оның нақты өмірі зардап шеге бастайды: оқу немесе жұмыс, отбасымен қарым-қатынас және т.б. Психолог мамандар интернетке, телефонға тәуелділікті аурудың бір түрі деп санайды және оны емдеуден көрі бұл дерттің алдын алу оңай деп есептейді. Осы тақырыптағы сурет туындылары бұл дерттің мағынасын бір мем арқылы жарқын сипаттайды.

Суреттер біздің қазіргі жағдайымызды дәл бейнелейді. Адамдардың телефондарынан бас алмауы, жанындағы жақындарына, балаларына көңіл бөлмеуі, шынайы адами қарым қатынастың жоғалып бара жатқандығы бәрі де қарапайым суреттер арқылы айқын көрсетілген.

Осы орайда, мамандардың айтуынша тәуелділікке түспеу үшін әр адам әрқашан интернетте қанша уақыт өткізгендігін бақылап отыруы керек. Егер желіде болып жатқан жағдай сізді шынайы өмірде болып жатқан оқиғалардан гөрі көбірек ойландыратын болса, бұл алаңдатарлық белгі.Виртуалды қарым -қатынас нағыз достармен сөйлесуді, суреттерге қарап, серуендейтін бейнелерді көруді, отбасымен және достармен сөйлесуді алмастырмайды. Интернетке тәуелді болмау үшін бұл сәттерді, бұл қағидаларды ешуақытта естен шығармау қажет.

Иллюстрациялардың авторы: Аңсаған Мұстафа

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети