Қазақстандық саясаткерлер қай жақтың тумасы?

12 Желтоқсан 2016, 17:53
0
Қазақстандық саясаткерлер қай жақтың тумасы? - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

10 желтоқсанда Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылғанына 19 жыл толды. 1997 жылдың соңында министрлер мен депутаттар Алматыдан Целиноградқа жаппай көшкен болатын. Tengrinews.kz редакциясы Қазақстандағы саясаткерлердің қай жақтың тумасы екенін анықтады.

Еліміздегі танымал мемлекет қайраткерлерінің басым бөлігі Алматы мен Алматы облыстарының тумасы екен. Екінші орында - Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары болса, 3-орында Қарағанды мен Қарағанды облысының тумалары екен.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта (Астанада) дүниеге келген.

Вице-премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысындағы Новобогатинск ауылында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкентте дүниеге келген.

Бас прокурор Жақып Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылордада дүниеге келген.

Қайрат Мәми 1954 жылы 9 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов 1965 жылы 15 маусымда Целиноградта (Астанада) дүниеге келген.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин 1962 жылы 31 тамызда Қарағандыда дүниеге келген.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов 1957 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 1959 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысы Іле ауданы Дмитриевка (Байсерке) ауылында дүниеге келген.

Әділет министрі Марат Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.

Ерлан Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылордада дүниеге келген.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда Шу қаласында дүниеге келген.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматыда дүниеге келген.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағандыда дүниеге келген.

Мәліметтер ашық дереккөздерден алынды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай