26 қазан 2016 | 17:26

Қазақстандықтар қайырымды істері туралы әлеуметтік желілерде неге есеп береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oskarray.ru © oskarray.ru

Мамандар қазақстандықтардың қайырымды істері бойынша Ғаламторда неліктен фото есебін жариялайтындығының себептерін айтып берді, Tengrinews.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстанның Психологтар Ассоциациясының президенті Владимир Стеблянко және "Клуб добряков" жобасының негізін құрушы Гүлмира Әбдірешова өз пікірлерімен бөлісті.


Иконка комментария блок соц сети

Мамандар қазақстандықтардың қайырымды істері бойынша Ғаламторда неліктен фото есебін жариялайтындығының себептерін айтып берді, Tengrinews.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстанның Психологтар Ассоциациясының президенті Владимир Стеблянко және "Клуб добряков" жобасының негізін құрушы Гүлмира Әбдірешова өз пікірлерімен бөлісті.

Владимир Стеблянконың түсіндіруіне қарағанды мұның үш себебі бар.

"Біреуге жай ғана "пиар" керек, осы арқылы қандайда бір жеңілдіктерге қол жеткізгісі келеді. Өйткені қазіргі уақытта қайырымдылық салықтық немесе басқа да жеңілдіктермен марапатталады.  Ал енді біреулер өзгелердегі мейірімділікті ояту үшін жасайды. Адамдар өзгелерден көре отырып, қайырымды істерге тартылсын дейді. Ал енді тағы бір адамдар тобы мұны жан тыныштығы үшін істейді. Былайша айтқанда, бұрынғы күнәләрін шәйғысы келеді, - дейді Қазақстанның Психологтар Ассоциациясының президенті.

Сонымен қатар, мұндай суретті есептер оны көруші адамдарға жақсы әсер етіп, үміт пен тыныштық сезімін сыйлайтынын айта кетті ол. 

Өз кезегінде Гүлмира Әбдірешованың пікірінше, бұл - бірінші кезекте мотивация, және кей кездері есеп беру алаяқтардан аулақ болуға көмек береді екен.

"Барлық клубтардың ережесі бойынша, біреу келіп көмек қажет ететін отбасы туралы айтқысы келсе, міндетті түрде фотосуреті де болуы қажет. Аяушылық танытуды сұрап, сурет салмай хат жазған жайлар да болды. Ал шындығына ол адамдар тамаша үйлерде тұратын болып шыққан. Сондықтан мен де клуб әкімшілерінен фото есептерін жариялауды сұраймын. Сонымен бірге бұл өзге адамдардың да ынтасын тудырады. Адамдар көршілерін, достарын, әріптестері мен туыстарын басқа қырынан тани бастайды. Бұл пиар емес, бұл ынталандыру", - дейді "Клуб добряков" жобасының негізін құрушы.

Сонымен бірге, Гүлмира Әбдірешова үйсіз адамға көмектесіп, бұл туралы Facebook парақшасына жазған астаналық Әйтім Жақыповтың ісін қолдады. Оның айтуынша, жігіт үйсіз адамды тамақтандырып, киіндіріп қана қоймай, өз ісімен өзгелерді ынталандырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети