17 тамыз 2020 10:08

Қазақстандықтардың ЕАЭО елдері ішінде ең бақытты екені анықталды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© travel.tochka.net © travel.tochka.net

Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елін, соның ішінде Ресейді басып озып, әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде 50-орынға ие болды, - деп жазады Finprom.kz сарапшылары.


Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елін, соның ішінде Ресейді басып озып, әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде 50-орынға ие болды, - деп жазады Finprom.kz сарапшылары.

Статистика комитетінің өкілдері қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізген екен. Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 63,5 пайызы өмірімен қанағаттанатынын айтқан. Ал ауылдық жерлерде тұратындар арасында бұл көрсеткіш жоғары болып шықты, ондағы тұрғындардың 72,6 пайызы өмірімен қанағаттанатыны белгілі болды.

Сондай-ақ, сауалнама барысында өз өміріне қанағаттанған ер адамдардың арасында әйелдерге қарағанда (61,8 пайыз) (ерлер - 58,5 пайыз) көп болғаны анықталды.

Осылайша, 2020 жылғы бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде (World Happiness Report) Қазақстан 153 елдің ішінен 50-орынға тұрақтады. Бұл ретте ЕАЭО елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді, одан кейін Ресей (73-орын), Қырғызстан (74-орын), Беларусь (75-орын), Армения (116-орын).

Ал ең бақытсыз елдердің тізімінде Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстан елдері бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети