16 қыркүйек 2014 10:35

Қазақтың ең көп тараған руы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tarakty.kz ©tarakty.kz

Қазақтың ең көп тараған руы - арғын. Қазақтардың ру бойынша бейресми санағының осындай мәліметі әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы NewTimes.kz-ге сілтеме жасап.


Қазақтың ең көп тараған руы - арғын. Қазақтардың ру бойынша бейресми санағының осындай мәліметі әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы NewTimes.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл мәліметтерге қарағанда, Орта жүздің өкілі - арғындардың саны 509 мың адам екен. Екінші орында - тағы да Орта жүздің өкілі - найман (395 мың адам). Үшінші орында Ұлы жүздің өкілі - дулат (334 мың).

Кіші жүздегі ұрпағы ең көп ру шөмекей (100 мың) болып шықты. Адайлар - 90 мың адам, Табындар - 80 мың.

Айта кетейік, 1896-1911 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы мәліметтері бойынша да Арғындардың саны 509 мың адам болған. Ол уақытта бұл ру өкілдері, негізінен, Көкшетау, Қарқаралы, Ақмола, Торғай, Атбасар, Петропавл, Омбы уездері мен Семей қаласында тұрған.

Мұхамеджан Тынышбаевтың мәліметінше, 1917 жылы арғындар қазақ рулары арасында саны (890 мың адам) жөнінен екінші орынды иеленген. Бірінші орында байұлы (1 030 мың адам), үшінші орында наймандар (830 мың адам) болған. 

Қазіргі уақытта қазақтардың жалпы саны 14 млн адамнан асады. Оның 11,2 млн-ы Қазақстанда тұрып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети