09 қыркүйек 2021 13:28

"Қобыз дыбысы - көлдің дауысы". Бақсы кейпіндегі суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Айгерім Қағарманова және Fading.TSE Фото: Айгерім Қағарманова және Fading.TSE

SOS Taldykol белсенділері Artcom Platform қолдауымен Кіші Талдыкөл көлін қорғау мақсатында Baqsy Saryny қойылымын өткізді. Бұл туралы сәулетші және зерттеуші Теміртас Ысқақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


SOS Taldykol белсенділері Artcom Platform қолдауымен Кіші Талдыкөл көлін қорғау мақсатында Baqsy Saryny қойылымын өткізді. Бұл туралы сәулетші және зерттеуші Теміртас Ысқақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қыркүйекте Кіші Талдыкөл көлдер тобының су қоймаларының бірінде, "Зеленый квартал" тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы суретшілер Әйгерім Оспан мен Асхат Ахмедьяров Кіші Талдыкөл көлдерін қорғау үшін Baqsy Saryny қойылымын орындаған. Қойылым әрекеті екі бөлімде қатар жүргізілген.

"Зеленый Квартал" тұрғын үй кешеніне жақын жерде суретші Асхат Ахмедьяров бақсы кейпінде топырақ тиеген көліктер жолына тосқауыл болған.

"Мен мұнда қаншама құс ұя салғанын көремін. Біздің тойымсыздық оларды балапаны әлі қанаттанбаған ұясынан қуады. Және олар келесі жылы қайтадан осында ұшып келеді, бірақ ол кезде көл болмайды. Мен бұған олардың көзіммен қараймын. Егер көлді қалдырылса, бұл - қала ішіндегі керемет орын. Оны бетонмен немесе орындықтармен толтырудың қажеті жоқ. Біз оны сол күйінде қалдырып, тамашалауға арналған алаңдар құруымыз керек", - деді Асхат Ахмедьяров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сохраним Малый Талдыколь (@sos.taldykol)

Тағы бір құрылыс алағында суретші Әйгерім Оспан қобызда ойнап, құрылыс техникаларының алдына тосқауыл болған.

"Көлді топырақпен жауып, оны бұзу - үлкен қылмыс. Көл оны айта алмайды, біз оның артынан сөйлей аламыз. Біз экожүйені сақтап, табиғи ландшафт пен урбанизация арасында диалог құрғысы келетін азаматтармыз. Қобыз - қасиетті аспап, оның дыбысы табиғат пен аққудың жылауына ұқсайды, біз суретшілер көлді қорғап, емдеуге келдік", - дейді Әйгерім Оспан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сохраним Малый Талдыколь (@sos.taldykol)

 Акцияға жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары да қатысқан.

"City Lake тұрғын үй кешені маңындағы тоғанға да топырақ толтырылып жатыр. Біз Есіл ауданы әкімдігінде құрылыс салушымен кездесуге бардық және олар бізге ешқандай құжат көрсетпеді. Мен Кіші Талдыкөлдің барлық көлін жоюға қарсымын", - деді тұрғындардың бірі.

Қойылым шамамен үш сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде құрылыс салушы ​​өкілдері белсенділерді полиция шақырамыз деп қорқытқанымен, ешқандай шара қолданылмаған.

Белсенділер мен сарапшылардың айтуынша, жұртшылық назарын аударудан басқа жол жоқ. Олар құрылыс салушы полицияға хабар бермегеніне сенімді, себебі барлық рұқсат қағазы, соның ішінде нысан төлқұжаты жоқ.

Акцияны тікелей эфирден көрген философ Дмитрий Мельников те өз көзқарасын бөлісті.

"Орындықта отырып қобыз ойнаған және осылайша алып жүк көліктерін тоқтатқан Әйгерімнің айтуынша, қобыз дыбысы - көлдің дауысы. Мен бұған суретшілер - заманауи-бақсылар көлдің жоқтауын жеткізгенін қоса айтар едім", - деп қосты Дмитрий Мельников.

Еске салайық, астаналық белсенділер былтырдан бері Кіші Талдыкөл үшін күресіп келеді. Жақында әкімдік көлді сақтауға және тазартуға уәде берді. Алайда белсенділер әкімдіктің уәдесі халықты тыныштандыруға тырысудан басқа ештеңе емес екеніне сенімді, себебі олар Кіші Талдыкөлді су қорынан алып тастап, жер учаскесі санатына ауыстырған. Көлдердің шекарасы күн сайын қысқарып, тұрғындардың құқықтары мүлде ескерілмейді, деп шағымданады белсенділер.

SOS.Taltykol қозғалысының құрамына жергілікті тұрғын үй кешендерінің тұрғындары, экологтар, суретшілер, сәулетшілер, зерттеушілер, сондай-ақ Artcom қауымдастығы, Fading.TSE, тәжірибелі экологтар қауымдастығы және астананың басқа да қамқор тұрғындары кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети