Қолды кіндікке жеткізу туралы флешмоб Интернетті жаулап алды

23 Маусым 2015, 13:46
1
Қолды кіндікке жеткізу туралы флешмоб Интернетті жаулап алды - © Weibo
© Weibo

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде "belly button challenge" деп аталатын флешмоб танымал бола түсті. Оның мағынасы - арқадан кіндікке қол жеткізу. Флшэмобқа қатысушыларға қойылатын талап - қолды арқадан асырып, саусақпен кіндікті ұстап, суретке түсу. Оның тәртібі бойынша, егер бұл флешмобты жасай алсаңыз - денеңіз сымбатты саналады. 

Акцияны әсіресе әлеуметтік желілердің жас қолданушылары көптеп қайталап жатыр. Оның ішінде қытайдың қыздары қолдарының ұзындығымен және белінің жіңішке екенін көрсетіп, Желілерге суреттерін жүктеу үстінде.

Алайда қолданушылардың арасында семіздеу жігіт те сынақтан мүдірмей өтті. Қытай жігіт бұл суретті Желіге салғаннан кейін он мыңнан аса like жинап, жұрттың көңілінен шықты.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай