1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Көне түркі жауынгерінің қару-жарағы Путинге Жаңа жылға сыйға тартылады

©Новосібір мемлекеттік университеті ©Новосібір мемлекеттік университеті

Новосібір мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресей президенті Владимир Путинге жаңа жылға көне түркі жауынгерінің қорғаныш құрал-жабдықтары жиынтығын сыйлайды, - деп хабарлайды Lenta.ru университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыйлықты президентке университет ректоры мен атақты тарихшы ғалымдар 17 желтоқсанда Новосібірдегі ИТАР-ТАСС баспасөз орталығында табыс етеді. Кейін бұл жәдігерлер Кремльдің мұражайына қойылады деген жоспар бар.

Ресей президенті аталған университет ғалымы Леонид Бобровтың желтоқсан айының басында жасаған орта ғасырдағы қару-жарақтар туралы баяндамасынан кейін көне түркі сауыт-саймандарына қызығушылық білдірген. Лекция барысында Путин новосібірлік ғалымдардан дулығаның көшірмесін Кремль мұражайына беріп жіберуді сұраған. 

Бобровтың айтуынша, Кремль қорына көне түркі жауынгерінің қорғаныш құрал-жабдықтарының толық жиынтығын беру туралы шешім қабылданған, жиынтықта: дулыға, болатты сауыт, шекпен, күміс пластиналы белдік, қалқан мен жалаулы найза бар.