"Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ақмоладағы бұрынғы отанын сатты деп айыпталған азаматтардың әйелдеріне арналған лагерь орнына салынған АЛЖИР мұражай- мемориальді комплексіне барды" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ақмоладағы бұрынғы отанын сатты деп айыпталған азаматтардың әйелдеріне арналған лагерь орнына салынған АЛЖИР мұражай- мемориальді комплексіне барды" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Базбір деректерге қарағанда, 1938 жылы лагерьде 8 мыңға тарта әйел жазасын өтеген.
Мұражай-мемориальді комплексі сайтынының хабарлауынша, лагерь лайдан соғылған бірнеше барактардан, төрт мұнарадан және тікенек сымдардан құралған. Қаңтар, ақпан айларында әйелдерді лагерьге этаппен үздіксіз алып келген. АЛЖИР-ге әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен әкелген.
"Қамалғандарға орын жетпеген. Кейін келгендер өздері тұратын барактарды қақаған қыста, аңызақ жел мен аптап ыстық күннің астында тұрғызған. Көрпеше орынына сабан төселген. Қыста баракты жылыту үшін әйелдер екі қыс қамыстан отын даярлаған. Кезекші тәулік бойы пешке қамыс салып отырған. Қамыстың жылуы аз болғандықтан барактағы температура 6-8 градустан аспаған" делінген мұражай-мемориальді комплексі сайтында.
Наталья Григорьева Санкт-Петербордан келген. Ол АЛЖИР тұтқыны Евгения Крамердің немересі.
"Менің әжемді отан сатқынының әйелі деп 5 жылға соттаған. Ол кезде оның жасы 43-те екен, бұл 1938 жыл болатын. Оның жары, менің атам Яков Крамер ол кезде тірі болмаған, оны "троцкилік-оңшылдардың мүшесі, контрреволюциялық әрекет жасады" деп Мәскеуде 1938 жылдың ақпанында атып тастаған" дейді Наталья Григорьева.
Ол ұзақ жылдар бойы атасы жайлы ештеңе білмеген. Ол туралы ақпаратты Қазақстаннан тапқан. "Әжем қамауда болған Қазақстан арқылы іздеу салдық. Бұл жерде көмек көрсетіп, атамды таптым" дейді ол.
"Мен АЛЖИР тұтқындары алдында басымды ием" деді ол, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг барысында. Шақырылғандар арасында тек тұтқындардың ұрпақтары ғана емес, қуғын-сүргінге ұшыраған өзге адамдар да болды.
Жаппай қуғын-сүргін Кеңес Одағы республикаларының бірде-бірін айналып өткен жоқ. Ол кезде кез келген адам осы террордың құрбаны болуы мүмкін еді. Ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ешқандай қылмыс жасамай-ақ қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері, кей жағдайда әкпе-қарындастары, аналары жазаға тартылды. Сталиндік террор олардың тағдырын тәлкіге салып, армандары мен үміттерін желге ұшырды" деді митингте сөйлеген сөзінде Астана қаласы маслихатының хатшысы Сансызбай Есілов.
"Біздің екі мың отандасымыз аштықтан қырылды, көптеген халықтың өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне жер аударылды. Біз өткен ғасырдың 20-30 жылдары егеменді ел болу үшін күрескен, қарапайым халықтың мүддесін ойлаған қазақ интелегенциясының өкілдерінен айырылдақ. Өкінішке қарай, олардың отбасы мүшелері де қуғын-сүргіннен шет қалмады. Олар еңбек лагерлерінде ауыр жұмыстарға жегіліп, тікенек сымның арғы жағында мәңгіге қалды" деп атап өтті Есілов.